Бүгінде жолдың 90 пайызы дайын. «Балқашқа апарар жолды 2024 жылдың қараша айының соңына дейін бітіреміз. Былтыр Үшарал әуежайы толық жөндеуден өтті. Үлкен ұшақтарды қабылдай алады. Одан бөлек, Алакөл маңындағы Ақши ауылына Тальго пойызы қатынай бастайды», – деді Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев баспасөз мәслихатында.