Келер жылы Қазақстанда ұшатын такси пайда болады

Келер жылы Қазақстанда ұшатын такси пайда болады. Көлік министрлігі аэромобильдің қонатын алаңы мен басқару жүйелерін әзірлеп жатыр. Тіпті, арнайы жұмыс тобы құрылды. “Қазір әуе кемесінің біздің климаттық жағдайымызға қалай төтеп беретіні сияқты мәселелер талқыланып жатыр. Алдағы уақытта шетелдік Joby Aviation компаниясымен Меморандумға отыру жоспарланған. Қол қойылғаннан кейін демонстрациялық ұшуларды орындау және ұшу-қону алаңдарын салуды бастаймыз”, – дейді Азаматтық авиация комитеті басқармасының басшысы Арман Кетебаев. Ұшақ алдымен жаңадан құрылған Алатау қаласында сынақтан өтеді. Қазір онда аэротаксидің ұшу-қону алаңы әзірленіп, дайындалып жатыр. Бәрі ойдағыдай өтсе, ұшатын такси Алатау, Алматы қалаларымен қоса, Алматы облысының барлық өңірін қамтиды.