Келесі жылы доллар бағамы 545,2 теңгеге жетуі мүмкін
Ұлттық валютаға бірқатар факторлар қысым көрсетеді. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2025 жылғы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге болжам дайындады, деп хабарлайды inbusiness.kz. Сарапшылар ұлттық валюта бағамы осы жылды екі таңбалы төмендеумен аяқтап, келесі жылы оған қысым болуы мүмкін екенін жазады. “2025 жылы доллар бағамы 545,2 теңгеге дейін өсуі мүмкін. Теңгеге шикізаттың төмен бағасы, ОПЕК+ мәмілесін орындау қажеттілігіне байланысты мұнай өндірудің азаюы, қазақстандық шикізаттың (ҚХР және ЕО) негізгі тұтынушыларының экономикалық өсуінің баяулауы, импорттың артуы, бағам бойынша болжамның нашарлауы, өңірдегі күрделі геосаяси ахуал, инвесторлардың тәуекелден жалпы қашуы қысым көрсетуі мүмкін”, – делінген зерттеуде.