Қарағанды облысының әкімі келісім комиссиясының шешімін жариялады, деп хабарлады өңір басшысының баспасөз қызметі.
Жеңіс Қасымбек Абай кенішіндегі қайғылы оқиғадан кейін кеншілер көтерген мәселелер шешімін табатынын айтты. Оның айтуынша кеншілер 12 талап қойған. Олардың барлығы әділ.
“Келісім комиссиясының шешімімен компания жыл сайын 1 қаңтардан бастап инфляция деңгейінің 100% көлемінде жалақыны индекстеуді жүзеге асыру туралы міндеттеме алды. Сонымен қатар өндірістік-экономикалық көрсеткіштер жоспарының орындалуына қарамастан биыл желтоқсан айында 13-ші еңбекақы төлеу, желтоқсанда жалақыны 15–17 пайызға көтеру міндеті жүктелді”, – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.