Киік етін сату қолға алынды. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров оның бағасы сиырдың немесе тауықтың етінен арзан бола ма, жоқ па оны болжау қиын екенін түсіндірді. «Себебі жұмыс енді ғана басталды. Бұл мәселемен экология министрлігі айналысып жатыр. Біздің міндет — ет комбинаттарын қамтамасыз ету. Қазір елде 18 ет комбинаты тіркелген. Ветеринарлар да сонда жүр. Киік еті қаншаға сатылатыны, табысы қанша болатыны логистикаға, басқа да факторларға байланысты. Бір апта немесе 10 күннің ішінде қосымша нақты бағаны айтамыз деп ойлаймын», – деді министр Айдарбек Сапаров.