Алматы облысының әкімдігінде Амандық Баталовтың өлімі туралы ақпаратты жоққа шығарды.
Облыстық әкімдік таратқан хабарламада, әлеуметтік желілерде Амандық Баталовтың өлімі туралы жалған мәліметтер пайда болғаны, Әкімдік бұл ақпаратты ресми түрде жоққа шығаратыны жазылған.
Жалған мәліметтердің авторлары іздестіріліп жатыр, олар жауапқа тартылады. Бұған дейін, облыс әкімі Баталовтың ентігу мен жүрек жеткіліксіздігінің басталуына байланысты Нұр-Сұлтанға жеткізілгені туралы хабарланған. Ол елордалық кардиоцентрге орналастырылды.
Амандық Баталовтың орынбасары оның жағдайы жақсарып келе жатқанын айтты.