Елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Дегенмен вакциналау қарқынын үдету қажет, деп хабарлайды Хабар 24. Премьер-Министр Асқар Мамин Үкімет отырысында орынбасары Ералы Тоғжановқа және Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға осындай тапсырма берді. Қазір елде вакцинаның 2 компонентін алғандар 8 млн 300 мыңнан асты. Инфекциялық ауруханалардағы төсек-орындар 23 процентке, ал жансақтау бөлімдері 20 процентке толы. «Жасыл» аймақта 11 облыс болса, «сары» аймақта 6 өңір қалып отыр.