Үкімет үш қаланың жылу желілерін салуға қаржы бөлді. Реконструкциялауға бөлінген қаражаттың сомасы 9 млрд теңге. Бұл қалалардағы желілердің орташа тозу көрсеткіші 59-90%-ға тең. Желілерді қайта жаңарту мыңдаған тұрғынды сапалы жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, Кентау, Риддер және Қызылордада жылу көздерін жаңғыртуға, қазандықтарды жөндеуге 16 млрд теңге үкімет резервінен аударылды. Алдағы жылыту маусымына дайындық процесі Үкіметтің жіті бақылауында.