Коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші компонентін екі айдың ішінде қабылдауға болады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оның айтуынша, осы уақытқа дейін 131 170 адам вакцинаның бірінші компонентін салғызды. Ал екінші компонентін 32 482 адам қабылдады. “Вакцинация – вирустың таралуын азайтудың жалғыз жолы. Біз вакцинацияға қарсы көрсетілімі жоқ әрбір қазақстандықты екпеден бас тартпай, коронавирусқа қарсы вакцина салғызуға шақырамыз. Осының арқасында ғана шектеу шараларын барынша азайта аламыз”, – деп атап көрсетті Цой.