Қазақстанның денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева коронавирусқа қарсы вакцинаны салдыру баршаға міндетті бола ма деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әзірге коронавирусқа қарсы вакцина жоқ. Ал вакцинаны шығарған жағдайда қазақстандықтардың таңдау мүмкіндігі сақталады. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегіне сүйенсек, міндетті вакцина мәжбүрлі түрде салынбайды. Қазақстандықтар екпеден жазбаша түрде бас тарта алады.
“Ол вакцина пайда болған кездегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Егер эпидемиологиялық жағдай вакцина салуды талап ететін болса, ол эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша міндетті вакциналар қатарына енеді”, – деді Ақтаева.
Мұндай жағдайда қазақстандықтар келісім беруге немесе вакцинациядан бас тартуға құқылы.