Коронавирус Қытай зертханасында жасалды

Коронавирус Қытай зертханасында жасалды. АҚШ конгресмендері екі жылдық тергеуден кейін осындай қорытындыға келді. Зерттеушілер бұл нұсқаны дәлелдейтін бес себеп келтірді. Олар бұл вирустың табиғатта кездеспейтін биологиялық қасиеттері бар екенін алға тартады. Сонымен қатар коронавирустық инфекцияның барлық жағдайы бір адамнан басталды деген болжам бар. Баяндамада Уханьдағы SARS вирустарын зерттеуге маманданған зертхана бар екені және онда биологиялық қауіпсіздік жеткілікті түрде сақталмаған деп айтылған.