Коронавирус кезінде өкпесі 100 процент зақымданған науқастар да аурудан айығып шығады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бірақ олар инфекцияның жеңіл түрін жұқтырғандарға қарағанда, ұзақ емделеді. Елорданың көпсалалы медициналық орталығының жалпы тәжірибелік дәрігері Луиза Хазаева осылай деп мәлімдеді. Вирусты емдеуде мұндай жағдайлар кездескен. Өкпесі толық қабынған науқастар аман-есен үйлеріне оралған.
Дегенмен кей жағдайда ауру белгілері айқын білінбейді. Егер адам селқос болса, өзін әлсіз сезініп, жата берсе, сұрақтарға бірсарынды жауап берсе, күдіктену керек дейді дәрігерлер. Мамандардың айтуынша, үй жағдайында емделуге болмайды. Себебі кез келген уақытта мидың ісігі болуы мүмкін.