Коронавирусты дексаметазон препаратымен емдеп жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осы дәрілік заттың өндірісін арттыруға үндеді.
Ұйым басшысы Тедрос Гебрейесустің айтуынша, дексаметазонға сұраныс Оксфорд университетінің ғалымдары препаратқа жүргізілген зерттеу нәтижелерін жариялағаннан кейін артқан. Клиникалық сынақ кезінде стационардағы 2 мыңға жуық науқас осы препаратты қабылдаған.
Анықталғандай, өкпені желдету аппаратына қосылған науқастар арасында өлім жағдайлары 40-тан 28 процентке дейін азайған. Дексаметазон медицинада 60 жылдан бері қолданылып келеді. Оның қабынуға қарсы әсері жоғары.
ДДҰ препаратты тек ауыр жағдайдағы науқастарға және дәрігерлердің бақылауымен ғана беруге болатынын ескертеді.