Короновирусқа байланысты Қазақстанда 7 және 9 мамырда өтетін әскери шеру болмайды

фото:Победа РФ

Коронавирус инфекциясының таралу қаупіне байланысты Қазақстанда 7 және 9 мамырда өтетін әскери шеру болмайды, деп хабарлады ҚазАқпарат. ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, Отан қорғаушылар және Жеңіс күндеріне арналған әскери шеру коронавирус бойынша эпидемиялық ахуалдың тұрақсыздығына байланысты өпейтін болды. Сонымен қатар ведомство іс-шараларға байланысты нақты жоспар бекітілмегенін айтты. Еске сала кетсек, пандемияға байланысты әскери шеру өткен жылы да өтпеген.