Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде алаяқтықтың жаңа бір түрі пайда болғаны туралы ақпарат таралуда.
Қолдарына папка ұстаған, куәліктері бар, ақ жейдедегі жастар өздерінің әкімдіктен екендіктерін және халық санағын жүргізіп жүргендерін хабарлай отырып, үйлерді аралауда.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті қалың жұртшылық пен тұрғындарға ақпарат беру мақсатында мұндай «сілтемелердің» шындыққа жанаспайтынын және халық санағын өткізуге ешқандай қатысы жоқ екенін ресми түрде хабарлайды.
Сонымен қатар елдегі короновирус инфекциясының таралуы бойынша қалыптасқан жағдайға және қатаң карантиндік шектеу шараларының еңгізілуіне байланысты, Қазақстан Республикасының Үкіметі ұлттық халық санағын өткізу мерзімін кейінге қалдыру туралы мәселені қарастыруда. Осыған байланысты қазіргі уақытта халық санағына қатысты өткізілмейді.