Костенко шахтасында кеншілердің қаза табуына қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді

Костенко шахтасында кеншілердің қаза табуына қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді. Жазатайым оқиғаға қауіпсіздік ережелерінің жаппай бұзылуы себеп болған. Құқық қорғау органдары өкілдері мұны сотқа дейінгі тергеу барысында анықтады. Көмір өндіру алаңында көмір шаңы жарылыстарының тізбекті реакциясының тууынан жарылыс болған. Соның салдарынан 46 кенші қаза тауып, 28 кенші жарақаттанды. 106 томдық қылмыстық іс бойынша шахта басшылығы мен инженерлік-техникалық қызметкерлер қатарынан 10 адам қылмыстық жауапқа тартылды. Барлығы қамауға алынды. да. Оларға Қылмыстық кодекстің “тау-кен жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу” бабы бойынша айып тағылды, аталған бап бойынша 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Іс бойынша 74 адам жәбірленуші ретінде танылды. Жинақталған материалдар Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан ауданының аудандық сотына жіберілді.