Әлем экономикасы құлдырап барады

Украинадағы қарулы қақтығыс пен Ресейге салынған санкциялардың әсерінен әлемдік сауда құлдырады. Салдарынан азық-түлік пен энергия қымбаттады. Халықаралық валюта қорының өкілдері осылай деп алаңдаушылық білдірді. Сарапшылар әсіресе қақтығыстың салдары Украина және Ресеймен тығыз байланысты елдерде қатты сезіле бастағанын айтады. Ұйымның мәліметіне қарағанда Орталық Азия, Кавказ және Молдовада сауда байланысы бүліне бастаған. Ақша аудару үзіліп, босқындар көбейген.