Әлеуметтік төлемдерді индексациялауға 1 трлн теңге бөлінеді. Ұлттық қор 2023 жылға дейін осындай көлемдегі қаржыны бөлмек. Бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауын жария еткен ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. «Пандемиямен күрес жөнінде кешенді бағдарлама әзірленеді. Мемлекет тарапынан әлеуметтік салаға және экономиканы қолдауға бағытталған барлық міндеттемелер орындалатын болады», – деді мемлекет басшысы.