Әли Әлиев футболдан Қазақстан құрамасы бас бапкерінің міндетін атқарушы болып тағайындалды

Әли Әлиев футболдан Қазақстан құрамасы бас бапкерінің міндетін атқарушы болып тағайындалды
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкерінің міндетін уақытша атқарушы болып отандық маман Әли Әлиев тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы хабарлайды. Естеріңізге сала кетсек, жауырда футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қызметінен кетті. Сондай-ақ Қазақстан құрамасынан жаттықтырушылар штабы да толық құраммен кеткен еді.