Лифтіде баланы пышақтаған жасөспірімнің ісі бір ай ішінде сотқа жіберіледі

Лифтіде баланы пышақтаған жасөспірімнің ісі бір ай ішінде сотқа жіберіледі. Сот-психиатриялық сараптама тағайындалды. Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов осылай деп мәлімдеді. Жасөспірімге қатысты жаза оның әрекетінің саралануы мен соттың шешіміне байланысты тағайындалады. Қазір бұл дәйекке қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр. Естеріңізге сала кетейік, биыл 11 ақпанда елордада жасөспірім лифті ішінде баланы пышақтап тастаған еді. Пышақпен шабуылдаған жасөспірім арнайы есепте тұрғаны белгілі болды. Дәрігерлер зардап шеккен балаға дереу ота жасап, психологиялық көмек көрсеткен.