Оның кандидатурасын Amanat партиясы ұсынған. Бұл ұсынысты мәжіліс депутаттарының көбі қолдады. Еске салайық, Әлихан Смайылов 2022 жылы қаңтарда Премьер-министр қызметіне тағайындалған болатын. Айта кетейік, Әлихан Смайылов 2015 жылдан бері Мемлекет басшысының көмекшісі қызметін атқарған еді. Оған дейін 2009-2014 жылдар аралығында Қазақстан Статистика агенттігінің төрағасы болды. Осы күнге дейін екі рет қаржы министрінің орынбасары болып тағайындалды. Ал 2019 жылы Үкімет отставкаға кеткенге дейін қаржы министрі болды.