Литва Лукашенконы заңды президент ретінде мойындамайтынын айтты

Литва Лукашенконы заңды президент ретінде мойындамайтынын айтты. Гитанас Науседа еркін сайлау өткізілмейінше, елдер арасындағы қалыпты қарым-қатынас туралы әңгіменің болуы мүмкін емес деп мәлімдеді. Ол қақтығыстар мен толқулардың жалғыз шешімі әділ сайлау деді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды. Литва президентінің айтуынша, билік наразылық білдірушілерге зорлық-зомбылық жасауын тоқтатып, оппозициямен диалог орнатуы керек. Науседа қақтығыстың шешімін табу үшін Еуропа елдерін де атсалысуға үндеді.