Людмила Бұйрабекова денсаулық сақтау министрлігінен кету себебін айтты. Ол министрліктен кету туралы шешімге “саналы” түрде келгенін жеткізді деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі бұл қызметте үш жыл жұмыс істеген. 2017 жылдың тамызында Фармация комитетіне келген. Кейін ол қоғамдық денсаулық сақтау комитетімен біріккен.