Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов ЛРТ ісіне қатысты күдіктілердің неге әлі күнге қолға түспей отырғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, «Астана ЛРТ-ның» экс-басшысы Талғат Ар-дан мен Астана қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековке халықаралық іздеу жарияланған. Мұны Интерпол ақпараты растайды. Алайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттер тобының бәрімен бірдей қылмыскерлерді ұстау және экс-традициялау жөнінде келісім жоқ. Қазір осы мәселені шешу жолы қарастырылып жатыр, дейді агенттік төрағасы.