Ұлттық банк ашық түрде есеп бермейді. Тәуелсіз қадағалау органы да жоқ. Ұлттық қордан миллиардтар кетіп Мәжіліс депутаты Ерлан Стамбеков Ұлттық қор активтерін басқару ісін сынады. “Қазақстан Ұлттық қорындағы 69 миллиард доллардың нақты қалай игеріліп жатқанын қоғам мен парламент неге әлі күнге дейін білмейді?” деп сұрақ қойды депутат мәжілісте. Есептерде толық ақпарат берілмейтінін Жоғары аудиторлық палата да растап отыр. Атап айтқанда, қаражат қай елдерге және қандай валютада салынғаны көрсетілмеген, стресс-тесттер мен бақылау жүйесі туралы ақпарат жоқ. Осы ретте Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ерұлан Жамаубаев бұған дейін есептер шынымен де толық жарияланбағанын мойындап, биылдан бастап бәрі өзгереді деп уәде етті.