Ұлттық банк қазан айында валюталық интервенция жүргізді. Оның көлемі 91,3 миллион долларға тең болды. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова осылай деп мәлімдеді. Биыл алғашқы валюталық интервенцияға наурызда 94 миллион доллар, екінші рет тамызда 234 миллион доллар жұмсалды.