Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25% деңгейінде қалдыруға шешім қабылдады

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25% деңгейінде қалдыруға шешім қабылдады. Былтыр желтоқсан айында Қазақстанда инфляция 8,6%-ға дейін үдей түсті. Алайда болжанған 8-9% диапазон шегінде қалыптасты. “”Тарифті инвестицияға айырбастау” бағдарламасын іске асыру мен теңгенің әлсіреуі аясында инфляция күш алып тұр”, – дейді банкирлер. Оған қоса, әлемдік азық-түлік бағалары жоғарлады. Көрші Ресейде инфляция күшейді. Ұлттық банктің мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі алдағы наурыздың 7-і жарияланады.