Ұлттық банк екінші деңгейлі банктерге салықты арттыру жоспарын сынға алды. Салық заңнамасына осындай өзгерістер енгізілмек. Жаңа салық кодексінің жобасы шілденің 15-не дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА порталында жарияланды. Тіпті банк қызметі үшін КТС мөлшерлемесін 20 пайыздан 25 пайызға дейін арттыру ұсынылады. Бұл санатқа казино, ойын автоматтары залдары мен лотереялардың қызметтері де кіреді. “Банксіз даму мүмкін емес. Қаржы нарығы кез келген экономиканың айналым жүйесі. Біздің ұстанымымыз анық, айқын және дәйекті: банктер табысқа салық салу тұрғысынан экономиканың қалған бөлігі сияқты бірдей салық режимінде болуы керек”, – деді Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов брифингте.