Ұлттық банк валюта интервенциясын жүргізді

Ұлттық банк валюта интервенциясын жүргізді. Бүгін Қазақстанда теңгенің долларға шаққандағы бағамы бірнеше минут ішінде 548,45-тен 543,10-ға дейін төмендеді. Қазіргі уақытта Ұлттық банктен ресми мәлімдеме болмағанымен, KASE-дегі әрекеттер нарыққа тікелей араласу ретінде қабылданды. Айта кетейік, Қазақстан Ұлттық банкі соңғы рет валюта интервенциясын 2024 жылдың желтоқсанында жүргізген. Ол кезде $307,6 млн сатылған.