Ұлттық экономика министрі мемлекеттік қызметшілердің жалақысы қаншаға өсетінін айтты. Төмен буындағы жұмысшылардың жалақысы орташа есеппен 15 процентке көтеріледі деді министр Руслан Дәленов. Бұл мемлекеттік органдарда штат санын оңтайландыру арқылы жүзеге аспақ. Былтырдың өзінде қызметкерлердің еңбекақысы 25 процентке өскен еді.
Еске салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйектегі жолдауында мемлекеттік аппарат пен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерін қысқарту жұмысын тездетуді тапсырған болатын. Соған сәйкес, биыл мемқызметкерлерінің саны 10 процентке, ал келер жылы тағы 15 процентке қысқартылады. Сол үнемделген қаражат есебінен жұмыста қалған қызметкерлердің жалақысы көтеріледі.