Ұлттық экономика министрінің жалақысы белгілі болды

Фото: EVERAOH.COM

Министр Әсет Ерғалиевтің жеке табыс салығы мен міндетті зейнетақы жарналарын шегергенде жалақысы 896 мың теңгеге тең. Ал ведомство вице-министрінің жалақысы – 633 мың теңге. Ведомство баспасөз қызметі осылай деп хабарлады. Айта кетейік, мемлекеттік саяси қызметшілердің жалақысы соңғы рет 2014 жылы көтерілген болатын.