Ұлттық тестілеу орталығының үш қызметкері жауапқа тартылды

Күдікті С, Ж және Н-ға қатысты Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық соты мен Өскемен қаласы № 2 соты үкім шығарды. Олардың әрқайсысына 1 жыл бас бостандығын шектеу жазасы белгіленді, сонымен қатар ақпараттық технология және телекоммуникация желілері саласында лауазымды қызметке тұру құқықтарынан 3 жыл мерзімге айырылды. Үкім заңды күшіне енді. Сотталғандар 2023 жылы орталық тестерін көшіріп алған. Бұл жайында Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.