Лукашенко Минскідегі резиденциясына тікұшақпен келді. Беларусь президенті брондалған жилет киіп, автомат асынған деп хабарлайды Tengrinews.kz. Резиденцияға президентпен бірге кенже ұлы Николай да келген, ол да қаруланған. Желіде елорданы айналып шыққан белорус лидерінің тікұшағы көрсетілген видео тарады. 23 тамызда Минскіде және басқа да қалаларда жалпыұлтық наразылық акциялары жалғасты. Көшелерге жүздеген мың адам шығып, Александр Лукашенконың кетуін талап етті. Әскерилер Тәуелсіздік Сарайына кірер жолды қоршады. Лукашенко қоршаулардан көшеге шегінген демонстранттарды “егеуқұйрық сияқты қашып кетті” деп мәлімдеді.