Вирустың адам ағзасына әсерін зерттеуге арналған медициналық зерттеуді ұлыбританиялық Денсаулық сақтау министрлігі ұйымдастырды, – деп хабарлайды Тенгриньюз кз. Министрлік баспасөз қызметінің мәліметінше, осылайша елде коронавирусқа қарсы вакцинаны тез әзірлеп, аурудың бұл түрін емдеу жолдары қарастырылады. Еріктілердің бірінші тобымен Royal Free Hospital ауруханасының мамандары жұмыс істеп жатыр, олар коронавирус сипаттамаларын зерттеумен айналысады. “Зерттеуге қатысушыларға қауіпсіз және бақылаудағы ортада вирус жұқтырды. Олар тәулік бойы дәрігерлердің бақылауында”, – делінген хабарламада.