Ұлытау облысында қаза тапқан кеншілердің отбасыларына жұмыскердің орташа жылдық жалақысының 10 еселенген мөлшері беріледі

Ұлытау облысында қаза тапқан кеншілердің отбасыларына жұмыскердің орташа жылдық жалақысының 10 еселенген мөлшері беріледі. Сонымен қатар, жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға 2 миллион теңгеден астам қаржы төленеді. “Асыраушысынан айырылу жағдайына ай сайынғы төлем, балалардың оқу ақысын төлеу, қаза тапқан жұмысшылардың несие және қарыздарын жабу, сондай-ақ отбасы мүшелерінің өтініші бойынша басқа да көмек түрлері қарастырылған”, – деп мәлімдеді “Қазақмыс Корпорациясы” ЖШС баспасөз қызметі.