Мүгедекті белгілеу процедурасы адамның жеке қатысуынсыз жүргізілуі мүмкін

Мүгедекті белгілеу процедурасы адамның жеке қатысуынсыз жүргізілуі мүмкін. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов осылай деп хабарлады. «Реформаның басты бағыты — медициналық-әлеуметтік сараптаманы сырттай және проактивті форматта енгізу. Мақсат — азаматтардың мүгедектік мәртебесін алу рәсімін барынша жеңілдету: объективті және әділ ету. Енді азаматтың міндетті түрде көзбе-көз тексеруден өтуі талап етілмейді. Алайда медициналық ұйымнан толық әрі шынайы медициналық ақпарат цифрлық форматта ұсынылуға тиіс”, — деді Төлеген Оспанқұлов.