Мәсімовтің ісін алқабилер соты қарай алмайды – Жоғарғы сот

Мемлекетке опасыздық жасады деген айып тағылып отырған ҰҚК-ның бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің ісін алқабилер соты қарай алмайды. Бұл туралы Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әбдірашид Жүкенов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Мәжіліс кулуарында журналистер Жүкеновтен Мәсімов алқабилер сотына үміттене ала ма деп сұрады. “Жоқ. Алқабилер сотының қарауына жатпайтын белгілі бір істер бар”, – деп қысқа қайырды ол. Мәсімовтің ісіне “құпия” деген гриф берілді. Сол себепті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасының үстінен қозғалған іс сотта жабық қаралады.