Мәскеуде Навальный тағы да сот алдында жауап беріп жатыр. Бұл жолы ол сот отырысына ҰОС ардагерін қорлағаны үшін шақырылды. Навальныйға қатысты бұл іс былтыр мауысым айында қозғалған болатын деп хабарлайды Tengrinews.kz. Оппозиционер RT телеарнасының Конституциядағы түзетуді қолдап, агитациялық роликке түскен адамдар “сатқын” екенін айтқан болатын. Тергеу мәліметінше, бұл сөздер видеоға түскен ардагер Игнат Артеменконың көңіліне тиген. Тергеу хаттамасына сәйкес, Навальныйдың жазбасынан кейін зейнеткердің денсаулығы нашарлап кеткен.