Мұздатылған тауық етінен коронавирус анықталды. Қытайдың жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, бұл өнім Бразилиядан жеткізілген. “Ауруларды бақылау мен алдын алудың жергілікті орталығы өнім үлгісінде вирустың бар-жоғын тексергенде нуклеин қышқылына тест оң нәтиже көрсеткен. Артынша, барлық қызметкерлер сынақтан өткізіліп, нәтижесі теріс шыққан” делінген ақпаратта.
Бұл Оңтүстік Африка елдерінен, соның ішінде Эквадорда мұздатылып жеткізілген өнімдер орамасынан табылған алғашқы жағдай емес. Бұған дейін Қытайдың шығысындағы Аньхой мен Уху провинциясындағы мейрамханаларға Эквадордан әкелінген теңіз өнімдері мен асшаяндар пакетінен алынған сынамаларда коронавирус инфекциясының бары анықталған. Кейбір сарапшылар мұздатылған теңіз өнімдерін буып-түю процесінде ластануы мүмкін.
Әрі олардың айтуынша, тағам төмен температурада сақталғандықтан, бұл вирусқа жақсы жағдай туғызуы ықтимал.