Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов еңбек қауіпсіздігі ережесін өрескел бұзғандарға жаза қатаңдатылғанын хабарлады
Депутаттың айтуынша, бір жылда өндірісте 1 232 жазатайым оқиға тіркелген. Оның 251-інде адам өлген. Сол оқиғалардың 24%-ы еңбек қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуынан болған. Оның айтуынша, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулер енгізілген. Еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін ескертулер мүлдем алынып тасталды. Есесіне айыппұл көлемі артты:
алғашқы заң бұзушылық үшін – 20-дан 120 АЕК-ке дейін;
қайталанған заң бұзушылық үшін – 40-тан 240 АЕК-ке дейін.
“Бұл айыппұлмен ақша жинау емес. Бұл – әділдік және адам өмірін қорғау. Адал жұмыс берушілерге алаңдаудың қажеті жоқ. Бұл нормалар тек қауіпсіздікті елемейтіндерге қатысты”, – деп түсіндірді Асхат Аймағамбетов.