Маңғыстау облысындағы балабақшада тәрбиеші бір жасар қыздың қолын шығарып жіберген

Маңғыстау облысындағы балабақшада тәрбиеші бір жасар қыздың қолын шығарып жіберген. Бөбекжай қызметкері тіпті балаға алғашқы медициналық көмек те көрсетпеген. Баланың жарақат алғанын ата-анасы үйіне барғанда бір-ақ біліпті. Ата-ана бейнебақылау камерасын тексергенде тәрбиешінің тыныш жүрген қызды жұлқылап, қолынан тартып көтеріп, орындыққа отырғызып жатқанын байқаған. “Бұл жерде зорлық-зомбылық әрекеті жоқ. Сол күні мен жұмыста болмадым, орталықтың шаруасымен сыртқа шығып кеткен едім”, – деді жекеменшік балабақшаның директоры Раушан Аяпбергенова. Кішкентай қызды жұлқылап қолын шағырған тәрбиеші жұмыстан қуылды.