Маңғыстау облысында заңсыз діни пансионаттардың қызметі тоқтатылды

Маңғыстау облысында заңсыз діни пансионаттардың қызметі тоқтатылды. Бұл заңбұзушылықты прокурорлар тексеріс барысында анықтады. Өңірде қызмет көрсеткен 5 пансионат жарғылық мақсаттарына қайшы келген. Барлық мекеме бойынша тәрбиеленушілердің діни әдебиеттерді пайдаланғаны және басқа да заңға қайшы әрекеттер анықталды. Осы ретте қайырымдылық мекемелерінің білім беру қызметімен айналысуға лицензиялары болмаған. Нәтижесінде еңбек, санитарлық-эпидемиологиялық және өрт сөндіру заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін пансионаттар басшылығына қатысты 11 әкімшілік хаттама толтырылып, 1,3 млн теңге айыппұл салынды.