Жылдық мөлшерлемесі 4%-тік автонесие мақұлданған маңғыстаулық 3 тұрғынның бірі салоннан су жаңа көлік алды. Камила есімді қала тұрғыны 6 -шы ақпанда жергілікті уақытпен таңғы 9-да сайтқа кіріп, 11 секундтың ішінде өтініш қалдырып үлгерген. Сол күні салон қызметкерлері хабарласып, банкке несие құжаттарын алып келуін сұрапты. Жеңіл көліктің нарықтағы құны 10 млн теңгеден сәл асады. Қазақстандық кәсіпорында құрастырылған. Иесі жеңілдетілген автонесиені 7 жылда, айына 138 мың теңгеден төлеп өтейді.