Маңғыстаулық жалған долларды өткізгені үшін 5 жылға сотталды. Облыстық экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері тергеу барысында айыпталушының жалған доллармен берешегін өтегендігін анықтады. Қарыз сомасы – 1000 мың АҚШ долларына тең. Ал қалған 500 долларын “Халық Банк” кассасында айырбастамақ болғанда ұсталды делінген хабарламада. Маңғыстау облысының Мұнайлы аудандық сотының үкімімен ауыл тұрғыны қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін айыпты деп танылды.