Ол биыл қаңтарда ғана президент кеңесшісі болып тағайындалған еді. Айта кетейік, бұған дейін Мағзұм Мырзағалиев энергетика министрі қызметінде 4 ай қызмет еткен. Ол еңбек өтілін Теңіз кен орындарында және Батыс Сібірде бұрғылау ерітінділері жөніндегі инженер болып бастады. АҚШ пен Малайзияда тағылымдамадан өтті. 2013 жылдың қазан айынан бастап мұнай және газ вице-министрі, 2014 жылдың тамыз айынан бастап энергетика вице-министрі болды. “Құрмет” орденімен және екі медальмен марапатталған.