“ҚазМұнайГаз” АҚ басқарма төрағасы Астанада Энергетика министрлігі ғимаратының алдында наразылыққа шыққан жаңаөзендік жұмысшылардың бастамашысымен жеке кездескені туралы айтты. Ол жұмысшылардың бастамашысымен үш сағаттан аса уақыт сөйлескенін жеткізді. Журналистер оның неге жұмысшылармен кездесуге шықпағанын сұрады. “Мен мүлдем қорықпаймын, өйткені қорқатын ештеңе жоқ. ҚМГ өкілдерімен кездессек деген сұраныстары болды, бірден компания басшылығы шықты”, – деп жауап берді ол.