Мамандандырылған ХҚКО-да биометриялық сәйкестендіру технологиясын енгізілді. Енді орталық қызметіне жүгінгенде азаматтың түрі суретке түсіріледі, одан кейін оны жүйе автоматты түрде жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасында сақталған суретпен салыстырады. «Біз мемлекеттік қызмет алу жүйесіндегі заңсыз әрекеттерге жол беретін адами факторды жойдық. Биометриялық сәйкестендіру — заң бұзушылықтар санын азайтып, мамандандырылған ХҚКО-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға тікелей жол ашады. Бұл заманауи технология мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін толығымен заңды әрі ашық етуге жасалған тағы бір қадам», — деді мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.