Мамандар мәйіттік донорлықты заңмен шешу жолдарын қарастырмақ

Мамандар мәйіттік донорлықты заңмен шешу жолдарын қарастырмақ. Жылына 300-ге жуық науқас донор таппай көз жұмады. Бүгінде елде донорды күту парағында 4112 пациент бар. Трансплантация орталығының дерегінше, Egov порталы арқылы тек 6 мыңнан астам адам мәйіттік донор болуға келісімін берген. Қолданыстағы заң бойынша, туыстарынан рұқсат алмайынша өмірден озғандар донор бола алмайды. Себебі жақындары мәйіттік донорлыққа үзілді-кесілді қарсы.