Үкімет басшысы Асқар Мамин шілде айына әлеуметтік жәрдемақы кімдерге берілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
“Мемлекет басшысының тапсырмасымен шектеу шаралары кезінде табысынан айырылғандарға әлеуметтік жәрдемақыны ең төменгі жалақы мөлшерінде бір айға төлеу туралы шешім қабылдап отырмыз. Төлем карантиннің күшейтілуіне байланысты жұмысы шектелген жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың өтінімі негізінде жүргізіледі”, – деді Мамин.