Маусым айының басында елімізде 40 градус ыстық болады. Аптап ыстық елдің оңтүстігі мен батысында күтіледі. Мамандар республиканың барлық аумағында ауа температурасы жоғары болатынын айтады. Атмосфералық фронттардың өтуімен байланысты метеорологтар елдің солтүстік-батысында және солтүстігінде бұршақ жауып, екпінді желмен бірге найзағай ойнап, жаңбыр жауатынын ескертті.